"Шабуылшы алу үшін". "Ливерпуль" өзінің трансферлік рекордын қайта жаңартпақшы

©Reuters

"Ливерпуль" командасының басшылары "Бенфиканың" шабуылшысы Дарвин Нуньесті сатып алу үшін трансферлік рекордтарын жаңартуға дайын. Бұл туралы журналист Доминик Кинг хабарлады. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, ағылшындық команданың басшылары уругвайлық шабуылшыны сатып алуды көздеп отыр. Ал "Бенфика" бұл футболшыны 80 миллион еуроға бағалауда. 

Биыл Нуньес португалиялық клуб сапында барлық турнирде 41 ойын өткізіп, 34 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. "Ливерпульден" бөлек бұл шабуылшыға "Реал", "Манчестер Юнайтед" командалары қызығушылық білдіруде. 

Айта кетейік, Нуньес 2019 жылдың қазан айында Уругвай сапында бірінші кездесу өткізген. Қазір ұлттық құрама сапында шабуылшыда 11 гол бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport