Сейдахмет "Қайраттың" басты проблемасын атады

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайраттың" футболшысы Еркебұлан Сейдахмет "Ордабасыға" қарсы өткен ойын жайлы клуб баспасөзіне өз пікірін білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. (1:2).

- Ойын айтарлықтай қиын болды. "Ордабасы" өте жақсы қарсылас, осы жеңістен кейін, турнирлік кестеде бірінші орынға шықты, бірақ біз жеңіліске лайық болмадық деп ойлаймын.

Шабуыл шебінде көп мүмкіндіктер болды, бірақ оларды сәтті түйіндей алмадық, осы жүйеде әлі де көп жұмыс жасауымыз қажет. Келесі ойында қателіктерді түзеп, жанкүйерлерді қуантамыз деген ойдамыз.

- Дәл қазірге сәтте, сен өзің ойнап көрмеген, оң қапталдағы қорғаушы позициясындасың, үйренісіп үлгердің бе?

- Бұл позицияда ойнаған маған ұнайды. Жаңа позицияға үйрендім, әр ойын сайын жақсы өнер көрсетіп келе жатқандаймын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар