Сейдахмет, "Қайрат-Мәскеудің" шабуылшысы және "Атлетико" футболшысы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды

Сурет: ҚФФ

Қазақстан U-21 жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов Нұр-Сұлтанда 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Дания командасына қарсы ойынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Оқу-жаттығу жиыны 28 тамызда Нұр-Сұлтанда басталады. Шақырылған футболшылардың саны – 25.

Қақпашылар: Данил Устименко ("Қайрат"), Вадим Петров ("Қызыл-Жар СК"), Қажымұқан Төлепберген ("Мақтаарал");

Қорғаушылар: Дінмұхамед Қашкен, Әлішер Әжімов (екеуі де – "Ақтөбе"), Александр Широбоков ("Қайрат"), Әділбек Жұмаханов ("Атырау"), Лев Скворцов, Сағи Совет (екеуі де – "Астана"), Жалғас Жақсылықов ("Тараз"), Тайыр Нұрсейітов ("Шахтер"), Нұралы Мамырбаев ("Қыран"), Нұрберген Нұрбол ("Жетісу");

Жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағынаев ("Астана"), Андрей Ульшин, Данияр Үсенов, Арсен Буранчиев (барлығы – "Қайрат"), Эльхан Астанов ("Ордабасы"), Арман Кеңесов ("Қайсар"), Дінмұхамед Қараман ("Тараз"), Максим Самородов ("Ақтөбе");

Шабуылшылар: Вячеслав Швырев ("Қайрат-Мәскеу"), Матвей Герасимов ("Ислочь", Беларусь), Абылайхан Жұмабек ("Тараз"), Владислав Прокопенко ("Астана").

Қосалқы құрам: Владислав Саенко ("Қызыл-Жар СК"), Александр Довгаль ("Оқжетпес"), Жасұлан Қайыркенов ("Атырау"), Жасұлан Жұмашев ("Тобыл"), Еркебұлан Сейдахмет, Равиль Ибрагимов (екеуі де – "Қайрат"), Мирас Тұрлыбек ("Ақсу"), Мейрамбек Қалмырза ("Астана"), Иван Свиридов ("Шахтер").

Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов – аға жаттықтырушы, Асқар Ыдырысов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Нұрбол Жұмасқалиев – аға жаттықтырушының көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылардың жаттықтырушысы.

Еске сала кетейік, 7 қыркүйекте Қазақстан жастар құрамасы Дания командасымен кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана Арена" стадионында өтеді. Басталуы – елорда уақытымен сағат 20:00-де.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар