"Қайрат" командасының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында алматылық команданың құрамы туралы айтты. Сонымен қатар, ол Бауыржан Исламханның клубқа қайта оралуына қатысты пікір білдірді.
Еске салайық, қазіргі уақытта Исламхан допинг жазасын өтеуде. Ол қараша айында қатарға қайта қосыла алады.
"Былтыр бізде Вагнер Лав, Дугалич, Косович секілді мықты ойыншылар болды. Бірақ командада олардың орнын басатын футболшылар бар. Мысалы, Арсен Буранчиев өте мықты. Сонымен қатар, академиядан да мықты футболшылар өсіп келеді. Сондықтан ешқандай қиындық көріп тұрғаным жоқ. Ол футболшыларсыз да жақсы ойнай алатынымызы көрсеттік.
Баторик? Иә, біз онымен сөйлесіп тұрамыз. Бірақ "Қайратқа" қайта оралу туралы әңгіме болмады. Дегенмен мен оны "Қайратқа" қайтып келеді деп ойлаймын. Ол бізге көмектесетін еді", - деді Сейдахмет.