"Севилья" командасы ЧЛ-дағы ірі жеңілісінен кейін жаңа бас бапкерін тағайындады

©"Севилья"

"Севилья" командасы Хорхе Сампаолидің бас бапкер етіп тағайындалғанын хабарлады. 

62 жастағы маман бұл команда сапында 2015/17 жылғы маусымда жұмыс істеген болатын. Ал жаңа келісімшарт 2024 жылғы 30 маусымға дейін жасалған. 

Еске салайық, кеше "Севилья" командасы Чемпиондар лигасында дортмундық "Боруссия" командасынан 4:1 есебімен ұтылғаннан кейін 56 жастағы испаниялық Юлиен Лопатегиді қызметінен қуған болатын. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: