"Севилья" Еуропа лигасын жетінші рет ұтып алды

©

Футболдан Еуропа лигасын испаниялық "Севилья" жеңіп алды. ОСылайша, клуб жарыстағы жеке рекордын жаңартып, 7-рет чемпиондық атаққа қол жеткізді. 

Испаниялық клуб финалда Италияның "Рома" командасымен ойнады. Будапешттегі "Пушкаш Арена" стадионында өткен ойынның негізгі уақытында 1:1 есебімен аяқталды. 35-минутта Пауло Дибала римдіктерді алға шығарған, алайда екінші тайм басында команда капитаны Джанлука Манчини өз қақпасына гол соғып алды. 

Қосымша уақытта да командалар өзара мықтыны анықтай алмады. Ал ойын соңындағы пенальти сериясында "Севилья" басым түсті. "Рома" командасы қатарынан Джанлука Манчини мен Рожер Ибаньес пенальти тебуде мүлт кетті. 

"Романың" бас жаттықтырушысы Жозе Моуринью алғаш рет финалда қарсыластарына жол берді. Бұған дейін бес фианлда да португалиялық маманның командасы есе жібермеген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport