Серікжан Мужиковқа ота жасалады

©сурет: kazfootball.kz

25 тамыз күні Қазақстан ұлттық құрамасы Нұр-Сұлтан қаласында оқу-жаттығу жиынын бастайды. Сол жиынға шақырту алған Серікжан аяғындағы жарақатына байланысты келмейді екен деп жазады Vesti.kz тілшісі Aladop.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Жилинаға» қарсы матчта алаңға алмасып шыққан Серікжан тура сол 25-тамыз күні аяғына ота жасатпақшы. Енді оның орнына бас бапкер Талғат Байсуфинов басқа бір ойыншыны шақыруы тиіс.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамаларымен күш сынасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: