Футбол
Бүгін 09:43

А сериясындағы "Ювентус" - "Наполи" матчі алаңнан қуылыу және екі голмен бітті

©"Ювентус" ФК

Туриндік "Ювентус" Италия чемпионатының оныншы турында "Наполиді" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч Туриндегі "Альянц Стадиум" стадионында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Екі гол да екінші таймда соғылды. 70-минутта Керим Алайбегович есеп ашса, 87-минутта Жереми Бога туриндік команданың басымдығын еселей түсті.

Айта кетейік, 75-минутта Лука Марьянуччи алаңнан қуылғаннан кейін қонақтар кездесуді бір ойыншыға кем құрамда аяқтады.

"Ювентус" 17 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында тұр. Ал 14 ұпайы бар "Наполи" сегізінші сатыға жайғасқан.

8 қарашада "Наполи" өз алаңында "Лациомен" ойнайды. Сол күні "Ювентус" сырт алаңда "Фиорентинамен" кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport