Футбол
5 қараша 2021 19:47

Серхио Рамостың негізгі жаттығуды қашан бастайтыны белгілі болды

©championat

Бұл күндері ПСЖ қорғаушысы Серхио Рамос әлі де жарақатынан айығуда. Ол келесі аптада командамен жалпы жаттығуға кіріседі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі RMC Sport басылымына сілтеме жасап.

Рамос париждіктер сапына биылғы жылдың 8 шілдесінде ауысқан. Жаңа клубқа ауыса салысымен қорғаушының тізесінде жарақаты бары анықталған. Осылайша, 35 жастағы Испания құрамасының экс-ойыншысы әлі күнге дейін ПСЖ құрамында алаңға шықпады.

Еске салайық, Серхио Рамос "Реал" сапында 469 матчта 72 гол соққан. "Корольдік" клубта 2005-2021 жылдары доп теуіп Ла Лиганы 5 рет және Чемпиондар Лигасын 4 рет жеңді. Сонымен қатар, Испания құрамасымен 2008, 2012 жылдары Еуропа және 2010 жылы әлем чемпионы атанды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport