Футбол
23 желтоқсан 2021 05:32

Серхио Рамос төрт минутта екі сары қағаз алып алаңнан қуылды

©Getty Images

Франция біріншілігінің 19-турында әлемдегі ең танымал қорғаушылардың бірі Серхио Рамос төрт минутта екі сары қағаз алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Лорьян" мен "ПСЖ" арасындағы матчта 1:1 есебі тіркелді. Екінші таймда алаңға шыққан испаниялық ойыншы 81 және 85-минуттарда төреші Жереми Пиньярдан екі сары қағаз алып, аллаңнан қуылды.

Бұл Рамостың карьеасындағы 27 қызыл қағазы болып отыр. Бір қызығы, "Реалдың" экс-капитаны жазда "бланкостан" париждіктер сапына ауысқалы бері небәрі екінші кездесуін өткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport