Серхио Рамос "Реалдан" кеткісі келмейді

сурет: championat

Серхио Рамостың корольдік клубтан кететіні жайлы осыған дейін көптеген басылымдарда жазылып келді. Алайда қорғаушының өзі "Реал" сапында қалғысы келетіні турасында AS басылымы ақпарат таратты.

Осыған дейін Флорентино Перес маусым айының соңында 35 жастағы қорғаушыға лайықты құрмет көрсетіп, абыроймен шығарып салатынын мәлімдеген. Оның үстіне Рамостың орнына "бланкос" Давид Алабамен келісім-шартқа отырған.

Еске салсақ, Серхио Рамос мадридтіктер сапында 2005-ші жылдан бері доп теуіп келеді. Осы уақыт аралығында ол 469 ойында қарсылас қақпасына 72 мәрте гол тулатқан.

Метки: