Футбол
1 қараша 2021 18:59

Серхио Рамос ПСЖ сапынан кетуі мүмкін

©twitter

Испания құрамасының және "Реал" (Мадрид) клубының экс-капитаны Серхио Рамос ПСЖ сапынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі La Parisien басылымына сілтеме жасап.

"Пари Сен-Жермен" басшылығы жарақатынан толық айықпаған Рамостың денсаулығына алаңдаулы. Жазғы трансферлік маусымда испаниялық қорғаушы "бланкос" сапынан Франция астанасына еркін агент ретінде ауысқан болатын.

Серхио бірнеше рет жарақаты жазылмай жатып ауыр жаттығулар жасаған. Нәтижесінде жарақатын асқындырған. Соның салдарынан Серхио Рамос әлі күнге дейін париждіктер құрамында алаңға шықпады.

Еске салайық, "Реалмен" бірге Чемпиондар Лигасын төрт мәрте жеңген Рамос ПСЖ клубымен екі жылдық келісім-шарт жасасып, 24 айдың ішінде 21 млн еуро айлық алуға келісімін берген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport