"ПСЖ" клубының қорғаушысы Серхио Рамос араға екі ай салып алаңға қайта шығуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бүгін футболшы негізгі құрам ойыншыларымен жаттығуға қатысқан. Рамостың жағдайы жақсы болса ішкі чемпионаттың 30-турында "Лорьян" клубына қарсы матчта алаңға шығуы мүмкін.
Еске салайық, 35 жастағы Испания құрамасының экс-капитаны француз командасына өткен жылы "Реалдан" еркін агент ретінде ауысқан еді. Рамос пен париждік ұжым арасындағы келісімшарт 2023 жылға дейін жасалған. Бүгінгі таңда Серхионың трансферлік құны 8 миллион еуроны құрайды.
Чемпиондар Лигасының плей-офф раундында "корольдік" клубтан ұшып кеткен "ПСЖ" Лига 1 турнирінде 65 ұпаймен көш бастап келеді. 53 ұпайы ар "Марсель" клубы екінші орынға жайғасқан.