Серхио Агуэро карьерасын қайта бастауға ниетті

©Reuters

Танымал аргентиналық шабуылшы Серхио Агуэро карьерасын қайта бастауға ниетті екенін айтты. Бұл туралы Calciomercato хабарлады. 

"ФИФА мені аңыз футболшылардың қатарына қосып жатыр. Бірақ мен кеше карьерамды қайта бастау туралы ойландым. Дәрігерлер маған бес-алты ай футбол ойнауға тыйым салды. Дегенмен мен жаттығу жасағым келеді. 

Маған "Интер Майамиден" ұсыныс түсті. Алайда мен әлі футболға оралмаймын деп жауап бердім", - деп келтіреді Агуэроның сөзін Calciomercato порталы. 

Еске салайық, "Атлетико", "Манчестер Сити" және "Барселонаның" бұрынғы шабуылшысы желтоқсан айында карьерасын аяқтады. Шабуылшының жүрегінен ақау табылған болатын. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport