"Зениттің" бас бапкері Сергей Семак қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп туралы айтып берді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, осыған дейін ресейлік БАҚ Әліпті "Зенит" командасы сапында қалмайды деген ақпарат шығарған еді.
"Нұралы Әліп қарқын алып, командаға бой үйретіп қалды. Ол өзіне берілген әр уақытта жақсы пайдалануда. Әліптің өзін жақсы қырынан көрсететін кезі келеді деп ойлаймын", - деді бапкер.
Еске салайық, 22 жастағы қорғаушыны "Зенит" командасы "Қайраттан" 2022 жылдың соңына дейін жалға алған еді.