Сербиялық легионер Вук Митошевич "Шахтер" клубынан кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
30 жастағы жартылай қорғаушының келісімшарт мерзімі аяқталады. Өткен маусымда Митошевич "Шахтер" жейдесінде 18 матч өткізді.
Вук Митошевич қарағандылық клубқа ауыспас бұрын "Радник" клубында доп тепкен. Сондай-ақ, "Ақтөбе", "Қайсар", сербиялық "Войводина", "Явор", "Ягодина" және венгриялық "Кишварда" командаларында өнер көрсеткен. Өткен маусымның басында футболшы "Қайсар" клубында қаралымнан өткен болатын, бірақ қос тарап келісімшарт жасаспады.