Сербиялық футболшы бірде-бір кездесу өткізбей қазақстандық командадан кетіп қалды

17 қыркүйек 2021 13:32
©akamaized.ne

26 жастағы сербиялық футболшы Лазар Сайчич "Атырау" сапында бірде-бір кездесуге қатыспай командадан кетіп қалды, деп хабарлайды meta-ratings.kz.

Сайчич ойын түгілі "Атырау" командасы сапында бірде-бір жаттығуы да өткізбеген. 

Сербиялық футболшыдан бөлек, "Атырау" сапына жазғы трансферлік кезеңде белорус Владимир Медведь, бразилиялық Аллеф, армениялық жартылай қорғаушы Соломон Удо қосылды. Олардың барлығы қазір команда сапында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: