Сербиядағы сергелдең. Қазақстан Беларусь құрамасымен тең ойнады
Ұлттар лигасы "С" тобының 3-турдағы Беларусь пен Қазақстан құрамасы арасындағы кездесу аяқталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ұлттар лигасы "С" тобының 3-турдағы Беларусь пен Қазақстан құрамасы арасындағы кездесу аяқталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ойынға бір сағаттай қалғанда құраманың бас бапкері әдеттегідей алаңға шығатын он бір футболшының тізімін жариялады.Өткен ойында алғашқы минуттан бастаған Михаил Габышевтің орнына Бағдат Қайыров негізгі құрамға оралды.
Матч аса белсенді басталмады. Доп көбіне алаңның ортасында болды. 7-минутта алаң ортасында Рамазан Оразов жарақат алып қалды. Абырой болғанға, жартылай қорғаушымыздың жарақаты ауыр болмай, ойынға қайта қосылды.
13-минутта сол қапталдан асырылған Ян Вороговскийдің пасына бірінші болып Абат Айымбетов жетіп, біздің құраманы алға шығарды. Реті келгенде айтайық, Айымбетов үшін бұл Ұлттар лигасындағы үшінші голы. Ол "С" тобындағы үздік сұрмергендер тізімінде.
80-минутта Беларусь дегеніне жетті. Бұрыштан асырылған допқа қорғаушы Владислав Мильвевич бірінші жетіп, есепті теңестіріп кетті.
88-минутта құрамамыздың капитаны Исламбек Қуат сары қағаз алды. Бұл оның Ұлттар лигасындағы екінші сары қағазы. Сол үшін ол Словакияға қарсы кездесуге қатыспайды.
Осылайша, үш ойыннан кейін "С" тобындағы 3 себетте 7 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы турнир кестесінде бірінші орында қалды. Екінші орында сырт алаңда Әзірбайжан құрамасын жеңіп, 6 ұпай жинаған Словакия құрамасы жайғасты. Ал қоржындарында 2 ұпайы бар Беларусь үшінші, 1 ұпайы бар Әзірбайжан төртінші сатыда.
Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін Словкаияға қарсы өткізеді. Ойын 13 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында болады.
Айтпақшы, біз Беларусь құрамасына қарсы осымен алтыншы рет ойнадық. Екінші рет тең ойнады. Төрт рет жеңілген едік.
Жарнама