Сербия құрамасы ұтып алған миллион еуроны сырқат балаларға аударды
©Soccernews.ru
2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған Сербия құрамасының футболшылары сырқат балалар қорына ақша аударды, деп хабарлайды "Чемпионат".
2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған Сербия құрамасының футболшылары сырқат балалар қорына ақша аударды, деп хабарлайды "Чемпионат".
Іріктеудің қорытынды матчінде Португалияны ұтқаннан кейін (2:1), Сербия құрамасы ел президенті Александр Вучич уәде еткен миллион еуроны қайырымдылыққа жұмсауға ұйғарды.
Сыйақы футбол федерациясының есебіне бірден түскен, ол ақшаны қайырымдылыққа жұмсау ойы сол сәтте туған екен.
Сербия 20 ұпай жинап, Катардағы әлем біріншілігіне тура жолдама алды. Португалия 17 баллмен екінші орында, енді ол шешуші ойынға қатысады.
Жарнама