"Сент-Этьен" клубының басшылығы бас бапкерді ауыстырды, деп жазады Vesti.kz сайты.
Бұдан былай Франция чемпионатының ең соңғы 20-орнында тұрған "әулиелерді" (ред. "Сент-Этьен") Паскаль Дюпра жаттықтырады. 59 жастағы маман бапкерлік карьерасында "Кан", "Тулуза" және "Эвиан" сынды командалармен жұмыс істеген.
Ішкі біріншілікте 18 ойынның тек екеуінде жеңіске жетіп, небәрі 12 ұпай еншіліген соң клуб басшылығы Клод Пюэльді қызметінен босатты.