Сенсациямен аяқталған матчтың үздік ойыншысы анықталды

©kff

УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінің екінші турында Словакия мен Қазақстан арасындағы матчта үздік қазақстандық ойыншы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

InStat аналитикалық компаниясының мәліметінше, қақпашы Игорь Шацкий үздік деп танылды. Қарағандылық "Шахтердің" голкипері топтық кезеңдегі екі кездесуде қақпасына гол өткізбеді. InStat Index көрсеткіші 265 ұпай. Екінші орында жеңіс голының авторы Асылан Дарабаев. 33 жастағы жартылай қорғаушы 262 балл жинады. Үздік үштікті Рамазан Оразов (248) түйіндеді.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионында Әзірбайжан мен Словакия командаларын ұтып, үшінші топта 6 ұпаймен көш бастап тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport