Мадридтік "Реал" Ла Лиганың 14-турында өткен сырт алаңдағы "Жиронамен" матчте қателік жасап қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жирона қаласындағы "Монтиливи" стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
45-минутта Аззедин Унаи соққан голға қонақтар 67-минутта Килиан Мбаппенің пенальтиден дәл соққымен жауап қайтарды.
Осылайша, "Реал" турнирлік кестедегі көшбасшылықты қайтара алмай, 33 ұпаймен екінші орынға табан тіреп, "Барселонадан" бір ұпайға артта қалды. "Жирона" 12 ұпаймен 18-орында орналасқан.
7 желтоқсандағы келесі турда "Жирона" сырт алаңда "Эльче" клубымен ойнайды, ал "Реал" өз алаңында "Сельтаны" қабылдайды.