Мюнхендік "Бавария" екі ойын қорытындысы бойынша испаниялық "Вильярреалдан" ұтылып, Чемпиондар лигасынан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/4 финалдың Мюнхенде өткен қарымта ойыны 1:1 есебімен аяқталды.
52-минутта алаң қожайындары сапынан Роберт Левандовски есеп ашты. 88-минутта испаниялық команданың жартылай қорғаушысы Саму Чуквуэзе есепті теңестірді.
Бірінші кездесу 1:0 есебімен "Вильярреал" пайдасын аяқталған еді.
Енді испаниялық клуб "Ливерпуль" - "Бенфика" (3:1) жұбының жеңіпазымен ойнайды.