Футбол
25 наурыз 2022 09:26

Сенсациялық гол Итлаияны әлем чемпионатынан айырды

©УЕФА

Италия құрамасы 2022 жылығы әлем чемпионаты жартылай финалындағы өтпелі матчте Солтүстік Македониядан ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Палермодағы "Ренцо Барбера" стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Шешуші голды 90+2-минутта Александар Трайковски салды.

Осылайша, Италия әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды. Топтық кезеңде Роберто Манчини жаттықтыратын команда Швейцарияны алға жіберіп, екінші болды.

Ал Солтүстік Македоня өтпелі матчтердің финалында Португалиямен ойнайды - 29 наурыз Портуда.

Айта кетейік, Италия 2018 жылы Ресейде өткен әлем біріншілігіне де қатыса алмаған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport