auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Сенсациядан сенсация. Германия Коста-риканы ұтты, бірақ плей-офф раундқа өте алмады

Сенсациядан сенсация. Германия Коста-риканы ұтты, бірақ плей-офф раундқа өте алмады
©metaratings.ru

Жапония мен Испания құрамалары футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Футболдан әлем чемпионатының Е тобындағы жолдама тағдыры соңғы минуттарға дейін белгісіз болды. Соңғы турда Жапония мен Испания, Коста-Рика мен Германия құрамалары кездесті. Төрт құраманың да топтан шығатын мүмкіндігі болды. Себебі Испанияда 4, Жапония мен Коста-Рикада 3, Германияда бір ұпай бар еді.

Жапония құрамасы Испанияны 2:1 есебімен ұтты. Ойынның басында Альваро Мората испандарды алға шығарды. Алайда екінші таймда жапон футболшылары жауапсыз екі гол соғып, жеңісті жұлып әкетті. 48-минутта Рицу Доан, үш минуттан соң Ао Танака қанжығасын майлады.

Ал Германия Коста-Риканы 4:2 есебімен ұтты. Ойынның 10-минутында Серж Гнабри есеп ашты. Ал екінші таймда Ельцин Техеда мен Хуан Варгас гол соғып, Коста-Риканы алға шығарды. Дегенмен артынша Кай Хаверц дубль жасап, Никлас Фюлкруг гол соғып, Германия басым түсті.

Қатар өтіп жатқан кездесулер барысында жолдама иелері бірнеше рет өзгерді. Бірінші таймнан кейін Испания мен Германия құрамалары плэй-оффқа өтіп тұрды.

Кейін Жапония мен Коста-Рика алға шыққанда, дәл осы құрамалар плэй-оффта тұр еді. Артынша немістер алға шығып, жолдаманы Испанияға сыйлады. Себебі жеңіліп қалған Коста-Рика Испаниядан бір ұпайға қалып қойды.

Осылайша, алты ұпай жинаған Жапония топта бірінші орында. Испания төрт ұпаймен екінші орын иеленіп, плэй-офф кезеңіне шықты. Төрт ұпайы бар Германия гол айырмашылығы нашар болғандықтан, үшінші болып қалды. Ал Коста-Рика құрамасы үш ұпаймен соңғы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама