Италияның А сериясының чемпионы "Милан" ел кубогінің 1/8 финалындағы ойында өз алаңында ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Миландағы "Джузеппе Меацца" стадионында "Торино" командасына қарсы өткен матч 1:0 есебімен аяқталды.
Ойынның 70-минутында алаң қонақтары азшылықта қалды, Коффи Джиджиге алдымен сары, одан кейін қызыл қағаз көрсетілді.
Алайда Стефано Пиоли жаттықтыратын команда сан жағынан басымдылықты негізгі де, қосымша уақытта да пайдалана алмады. Тіпті 114-минутта Ндари Адопоға гол соғуға мүмкіндік беріп қойды. Осылайша, "Торино" турнир ширек финалына өтті.
Туриндіктер алдағы матчте "Сампдория" - "Фиорентина" жұбының жеңімпазымен ойнайды. Ал "Милан" жарыстан шығып қалды.