Сенсация? Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасында ірі есеппен жеңіске жетті

©instagram.com/biik_shymkent_women

Әйелдер арасында Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу айналымында "БИІК-Қазығұрт" командасы Хорватияның "Хайдугын" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Хорватияның Вараждин қаласында өткен мачта жерлестеріміз 5:1 есебімен жеңіске жетті. Шымкенттіктер сапында Грейс Чанда хет-трик (18, 49, 64-минут) жасаса, Гүлнәр Габелия (58) және Екатерина Бабшук (88) бір-бір голдан ерекшеленді. Алаң иелерінен Селма Капетанович (77) көзге түсті.

Енді "БИІК-Қазығұрт" келесі кездесуін Грузияның "Ланчхути" қыздарынан басым түскен украиналық "Ворскла-Харьков-2" клубына қарсы ойнайды. Жеңімпаз екінші айналымда ойнауға мүмкіндік алады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар