"Сенсация жасады". Тоқаев футзалдан ел құрамасын жеңісімен құттықтады

28 қыркүйек 2021 09:37
©ҚФФ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасының жеңісін сенсация деп атап, әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мемлекет басшысы құттықтауын Twitter желісінде жариялады.

 "Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына сәттілік тілеймін!", - деп жазды Тоқаев.

Еске салайық, футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы Иранды 3:2 есебімен ұтты. 

Енді Кака жаттықтыратын команда финалға жолдама үшін Португалиямен ойнайды. Бұл матч 30 қыркүйекте өтеді. 1/2 финалдағы екінші жұп Бразилия мен Аргентина.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: