Футбол
Бүгін 09:49

Сенсация: "Барселона" Ла Лига аустайдерінен ұтылып қалды

©"Барселона" ФК

"Барселона" Испания Ла Лигасының 36-турында күтпеген жерден "Алавес" клубынан ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мендисорроса" стадионында өткен кездесу алаң иелерінің пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 45+1-минутта Ибрагим Дьябате соқты.

Чемпиондықты мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен "көк-анарлылардың" мотивациясында белгілі бір қиындықтар байқалып тұрды. Бірақ бұл таңқаларлық емес еді. Мұны турнир кестесінде 15-орында тұрған "Алавес" футболшылары тиімді пайдалана білді. Қазіргі таңда команда 40 ұпай жинағанымен, оларды төменгі лига аймағынан небәрі бір ұпай ғана бөліп тұр.

Сондықтан Кике Санчес Флорес жаттықтыратын ұжымға элитада қалу үшін әлі де бар күшін салуға тура келеді.

17 мамырдағы келесі турда "Алавес" сырт алаңда "Овьедомен" кездессе, "Барселона" өз жанкүйерлері алдында "Бетиспен" ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport