Сенсация. "Астана" күтпеген жерден ұтылды

©"Астана" ФК

"Ақсу" футболдан Қазақстан чемпионатының екінші турында "Астананы" ұтып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz

Павлодарда өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Шешуші болған жалғыз голды 81-минутта Мирас Тұрлыбек салды.

Осылайша, астаналық клубтың жеңілісі сенсация болды, ал ҚПЛ дебютанты 2022 жылғы маусымда бірінші жеңісіне жетті.

Бірінші турда "Астана" командасы "Шахтермен" (0:0), ал "Ақсу" болса "Атыраумен" тең түскен еді (0:0).

16 наурыздағы үшінші турда "Ақсу" сырт алаңда "Шахтермен", ал келесі күні "Астана" өз алаңында "Ақтөбемен" ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport