Аргентина құрамасы әлеуметтік желі арқылы капитаны Лионель Мессиге 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Испаниядан 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін әсерлі үндеу жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Сенің көз жасың – біздің көз жасымыз, капитан.
Сен бізге өміріміздегі ең үлкен қуаныштарды сыйладың. Жанкештілігің, футболдағы сиқырың және соңғы секундқа дейін бар күшіңді салғаның үшін рақмет.
Біз сені мәңгі жақсы көреміз, Лео!" – делінген жазбада.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты финалындағы жалғыз голды 106-минутта Испания шабуылшысы Ферран Торрес соқты.
Сондай-ақ, Аргентина әлем чемпионаттары тарихында негізгі уақыт ішінде финалда қарсылас қақпасына бірде-бір соққы жасай алмаған алғашқы құрама атанды. Ал Лионель Месси бүкіл матч бойы қақпа бағанының арасына бірде-бір дәл соққы бағыттамады және қарсыластың айып алаңында допқа бір де бір рет жанасқан жоқ.