| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 10:57
 

"Сенің көз жасың...". Аргнетина құрамасы ӘЧ-2026 финалынан кейін Мессиге үн қатты

  Пікірлер

blog.share

"Сенің көз жасың...". Аргнетина құрамасы ӘЧ-2026 финалынан кейін Мессиге үн қатты © instagram.com/afaseleccion

Аргентина құрамасы әлеуметтік желі арқылы капитаны Лионель Мессиге 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Испаниядан 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін әсерлі үндеу жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Аргентина құрамасы әлеуметтік желі арқылы капитаны Лионель Мессиге 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Испаниядан 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін әсерлі үндеу жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сенің көз жасың – біздің көз жасымыз, капитан.

Сен бізге өміріміздегі ең үлкен қуаныштарды сыйладың. Жанкештілігің, футболдағы сиқырың және соңғы секундқа дейін бар күшіңді салғаның үшін рақмет.

Біз сені мәңгі жақсы көреміз, Лео!" – делінген жазбада.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты финалындағы жалғыз голды 106-минутта Испания шабуылшысы Ферран Торрес соқты.

Сондай-ақ, Аргентина әлем чемпионаттары тарихында негізгі уақыт ішінде финалда қарсылас қақпасына бірде-бір соққы жасай алмаған алғашқы құрама атанды. Ал Лионель Месси бүкіл матч бойы қақпа бағанының арасына бірде-бір дәл соққы бағыттамады және қарсыластың айып алаңында допқа бір де бір рет жанасқан жоқ.
 
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!