Португалиялық "Бенфика" чемпиондар лигасы 1/8 финалының бірінші матчінде бельгиялық "Брюгге" командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бельгияда өткен кездесуде алаң қонақтары қарсылас қақпасына екі гол салды, ойын есебі - 2:0.
Бірінші голды 51-минутта пенальтиден Жоау Мариу салды. Одан кейін 88-минутта Давид Нерес матч нүктесін қойды.
Қарымта ойын 8 наурыз Португалияда өтеді.