"Сенім артқанына алғыс айтамын". Исламхан Өзбекстанмен матч жайлы

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Өзбекстанмен өткен ойыннан кейін пікір білдірді. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан футбол федерациясының басшыларына және бапкерлік штабқа маған сенім артып командаға шақырғанына, маған мүмкіндік бергеніне рахмет айтқым келеді. Жанкүйерлерге де алғысым шексіз. Өкінішке қарай бұл ойында жеңіске жете алмадық. Гол соға алмадық. Екі гол өткіздік. Әсіресе бірінші таймның соңғы минуттарында гол өткіздік. Бізде де мүмкіндік болды. тек сала алмадық. Енді қарымта матч БАӘ-де өтеді. Ол жақта ойнағанмын. Олар да жақсы ойын өрнегін көрсетеді. Сол үшін келесі кездесуге жақсы дайындалу керекпіз. Екі жыл өтсе де мені ұмытпапты. Бүгінгі матчтан кейін жанкүйерлер маған керемет қолдау көрсетті. Тағы да барлығына алғысым шексіз", - деді Исламхан.

Еске салайық, Ташкенттегі жолдастық ойында Өзбекстан құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Енді Магомед Адиев командасы келесі кездесуін 19 қараша күні БАӘ-ге қарсы өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар