Футболдан Сенегал құрамасының бас бапкері Алиу Сиссе Қатардағы әлем чемпионатындағы жеңісті жарақат алып қалған "Бавария" футболшысы Садио Манеге арнады, деп жазады Sport24 порталы.
Сенегел құрамасы топтық кезеңнің үшінші турында Эквадор (2:1) құрамасын жеңіп, А тобында екінші орын алды. Осылайша, бұл құрама әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты.
"Мен бұл жеңісті елімізге керемет істер атқарып жүрген адамға арнағым келеді. Өкінішке қарай, ол Қатардағы әлем чемпионатына қатыса алмайды. Оның есімі - Садио Мане", - деді Сиис.
Айта кетейік, енді 8/1 финалда Сенегал құрамасы Англияға қарсы матч өткізеді.