Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатында топтық кезеңдегі бірінші ойындар аяқталды. "Н" тобында Сенегал құрамасы Польшаны ұтып, топтағы алғашқы 3 ұпайларын алды.
Мәскеуде өткен кездесуде Африка құрлығынан келген құрама жеңіске жетті. 37 минутта поляк қорғаушысы Тьяго Ционек допты сәтсіз қайтарып, өз қақпасына гол соғып алды. Ал 60 минутта Польша құрамасы ойыншылары қателесіп, екінші голдың өз қақпаларына соғылуына себепкер болды. Алаң жиегінен ойынға оралған Мбайе Ньянг бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланып кетті.
Ойын соңында, дәлірек айтсақ 86 минутта жартылай қорғаушы Гжегож Крыховяк есепті қысқартты. Сенегал ойыншылары одан кейінгі уақытта сәтті қорғанып, таразы басын теңестіруге мүмкіндік бермеді.
Айта кетейік, Польша құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстанмен бір топта болған еді. Астанада өткен алғашқы кездесуде 2:2 есебімен тең ойнаса, сырт алаңда отандастарымыз 3:0 есебімен ұтылған-ды.
Жарнама