Сенегал құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

©FIFA

Сенегал құрамасы футболдан әлем чемпионатының плэй-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

А тобының 3-турында Эквадор мен Сенегал кездесіп, жолдаманы сарапқа салды. Бірінші тайм соңында сенегалдықтар алға шықты. Исмаила Сарр пенальтиден көзге түсті.

Ал 68-минутта Мойзес Кайседо таразы басын теңестірген еді. Бірақ бұл есеп таблода екі минут қана сақталып тұрды. 70-минутта Калиду Кулибали гол соғып, Сенегалға жеңіс сыйлады.

Осы жеңістен кейін 6 ұпай жинаған Сенегал екінші орынға көтеріліп, 1/8 финалға шықты. Ал Эквадор құрамасы турнирді топтық кезеңнің үшінші орнымен аяқтады. 

Бұған дейін А тобынан Нидерланды құрамасы плэй-офф кезеңіне шыққан болатын. Ал топта соңғы орынды турнир қожайыны Катар еншіледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport