Футбол
24 қараша 14:06

"Семейдің" Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі бірінші матчіне трансляция

©"Семей" МФК

Бүгін, 24 қарашада "Семей" футзал командасы Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында польшалық "Пястпен" алғашқы матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Семейде өтеді және Астана уақытымен 20:00-де басталады. Ойынды Qazsport тікелей эфирде көрсетеді, трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді болады.

Командалардың қарымта ойыны 5 желтоқсанда Гливицеде өтеді.

Еске салайық, 1/8 финалда 16 команда сегіз жұпқа бөлініп, екі матчтен өткізеді. Алғашқы ойындар 24 қарашада, ал қарымта кездесулер 5 желтоқсанда өтеді.

Сегіз жеңімпаз ширек финалға жолдама алады. Бұл кезеңнің матчтері 23 ақпан және 6 наурыз күндері өтеді. Ширек финал жеңімпаздары финалдық кезеңде ойнайды. Финалдық турнирді 8 және 10 мамыр күндері Италияның Пезаро қаласы қабылдайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport