Бүгін, 6 наурызда қазақстандық "Семей" футзал клубы Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы қарымта матчта франциялық "Этуаль" командасымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойын Семей қаласындағы "Абай Арена" паркeтінде өтеді. Матч 20:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан және арнаның ресми сайтынан көруге болады. Эфир 19:50-де басталады.
Францияда өткен алғашқы ойында "Семей" 4:1 есебімен алда тұрғанымен, соңында басымдықты сақтай алмай, 5:4 есебімен ұтылып қалды.
Айта кетейік, турнирдің финалдық кезеңі 8–10 мамыр аралығында Италияның Пезаро қаласында өтеді.
Сонымен қатар, футзалдан Чемпиондар лигасының биылғы маусымында Қазақстаннан тағы бір клуб — алматылық Кайрат та қатысып жатыр. Команда да 1/4 финал сатысында өнер көрсетуде.
Бұл кезеңдегі алғашқы матчта алматылықтар өз алаңында испаниялық Картахена клубына жол берген еді. Бүгін, 6 наурыздан 7 наурызға қараған түні, олар қарымта ойынды сырт алаңда өткізеді.
Жарнама