Футбол
26 тамыз 17:05

"Селтикпен" қарымта алдында "Қайрат" төрт бірдей маңызды ойыншыдан айырылып отыр

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі "Селтикке" қарсы қарымта матч алдында бірнеше негізгі ойыншысынан айырылып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz BorodAbata.kz (AS News) сайтына сілтеме жасап.

Бразилиялық шабуылшы Эдмилсон жаттығу кезінде жарақат алып қалыпты, енді оның алаңға шығуы екіталай.  Бас бапкер Рафаэль Уразбахтин шабуыл шебінде Рикардиньо мен 18 жастағы жас ойыншы Рамазан Бағдатқа сенім артатын секілді.

Ал Луиш Мата командаға көмектесуге дайын. Жарақатына қарамастан, қорғаушы дәрігерлермен ақылдаса отырып, алаңға ауырсынуды басатын екпе жасатып шығу туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін "Қайрат" Александр Заруцкий мен Гиорги Зариядан айырылып қалған еді, ал Дастан Сәтбаев дисквалификацияға байланысты бұл кездесуге қатыспайды.

Еске салайық, "Селтикке" қарсы матч 26 тамыз күні, яғни, бүгін Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді. Ойын 21:45-те басталады (Қазақстан уақыты бойынша).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport