Футбол
14 тамыз 13:26

"Селтикке" қарсы. "Қайраттың" ЧЛ-дегі тарихи матчтерінің нақты уақыты айтылды

©"Қайрат" ФК

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі "Қайрат" пен шотландиялық "Селтик" арасындағы матчтердің нақты күндері мен басталу уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші ойын 20 тамыз күні Глазго қаласында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 23:55-те басталады.
Қарымта матч 26 тамыз күні Алматыда өтеді. Бұл ойынның басталу уақыты 21:45.

Айта кетейік, "Қайрат" Чемпиондар лигасының тарихында алғаш рет плей-офф кезеңіне шығып отыр. Бұл жолда команда үшінші іріктеу кезеңінде словакиялық "Слованнан" басым түсті.

Сонымен қатар, плей-офф кезеңінде стадиондарда Чемпиондар лигасының ресми әнұраны ойналады. Бұл әнұран Алматыда алғаш рет шырқалмақ. Арена да турнирдің топтық кезеңіне сәйкес ерекше безендіріледі.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport