21 тамызға қараған түні алматылық "Қайрат" пен шотландиялық "Селтик" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Глазго қаласында өтеді және Астана уақытымен 00:00-де басталады. Жанкүйерлер ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ, трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.
Қарымта матч 26 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
ФНК ұсынған статистика:
Бұл қос команда тарихта алғаш рет кездескелі отыр;
"Селтик" осы маусымда үш матч өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен (жалпы есеп: 7:1);
15 тамыз күні "Селтик" өз алаңында "Фолкиркті" 4:1 есебімен ойсырата ұтты;
"Қайрат" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Олимпияны" (1:1, 2:0), КуПС-ты (0:2, 3:0) және "Слованды" (1:0, 0:1, пенальтиде) ұтты;
Алматылықтар соңғы екі ойында қатарынан ұтылды;
"Селтик" құрамының нарықтық құны "Қайрат" құрамынан 11 есе қымбат.