Футбол
10 тамыз 2017 11:20
 
"Селтик" "Астанадан" жеңілсе, боздап тұрып жылаймыз - шотландиялық жанкүйерлер

  Пікірлер

blog.share

"Селтик" "Астанадан" жеңілсе, боздап тұрып жылаймыз - шотландиялық жанкүйерлер © BBC News

Қазақстандық Данияр Еникеев "Астан" мен "Селтик" арасындағы Чемпиондар лигасыныдағы плей-офф кезеңіндегі ойыны алдында Глазгодағы жанкүйерлермен тілдесіп, ойынға қатысты болжамдарды тыңдады.

Жанкүйерлердің көпшілігі екі матчта да "Селтик" жеңіске жететініне сенімді. Дегенмен олар "Астана" да гол соғатынын жоққа шығармайды. Жанкүйерлердің бірі "Астанаға" екінші ойында жеңіс сыйлап, мәрттік жасады: Солай-ақ болсын, екінші ойында Астана жеңеді, 1:0 есебімен", - дейді жанкүйер.

Сауалнамаға қатысқандардың арасында "Селтиктің" басты қарсыласы "Рейнджерс" командасының жанкүйері де бар болып шықты. Ол "Астана" жеңіске жетеді деп үміттенеді, алайда, шотландиялықтар былтырдан бері ұтылмай келе жатқанын және қазақстандық командаға есе жібере қоймайтынын да атап өтті.

Егер "Астана" қалайда "Селтиктен" басым түссе не істейсіздер деген сұраққа жанкүйерлер көз жастары көл болып еңірейтінін айтты.

Еске салайық, "Астана" және "Селтик" арасындағы алғашқы матч 16 тамызда Глазгода, ал қарымта кездесу 22 тамызда Қазақстан астанасында өтеді. Бұл ойындардың жеңімпазы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алады. Ал жеңілген команда Еуропа лигасында өнер көрсетеді.

Жарнама

Живи спортом!