Селекционер Ресейдегі қазақстандық футболшының Италия чепионатына ауысуына қатысты пікір білдірді

©ЦСКА

Мәскеулік ЦСКА селекционері Денис Машкарин Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновке деген Италияның А сериясындағы командалардың қызығушылығы туралы пікір білдірді. 

"Зайнутдиновке қатысты, менің түсінгенімше, агент еуропалық чемпионатты көздеп отыр. Қазір нақты ұсыныс жоқ та болар, бірақ Еуропаны көздеп отырғанға ұқсайды. Ал енді онда кету керек пе, жоқ па - барлық факторды есепке алу қажет: бұл ЦСКА-ға қаншалықты ұтымды, жаңа клубқа ауысу өздеріне қаншалықты қызықты дегендей", - деп береді Машкариннің сөзін "РБ Спорт".

Еске салайық, Зайнутдиновке қазіргі таңда көз тігіп отырған клубтар арасында Италия чемпионатындағы командалардың бары айтылады. Ал футболшының ЦСКА-мен келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt ойыншыны 3,5 миллион еуроға бағалап отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport