Сегіз дүркін чемпион Бразилия - Хорватия матчінің жеңімпазын атады
Ресейдің сегіз дүркін чемпионы және Ресей кубогін екі рет иеленген Андрей Тихонов әлем чемпионатының 1/4 финалындағы Хорватия - Бразилия матчтіне болжамын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Маман 2020-2021 жылдары "Астана" командасын жаттықтырғанын айта кетейік.

Ал ӘЧ-дегі матч бүгін, 9 желтоқсанда өтеді.
"Осы чемпионатта хорваттарға гол салу қиынға түсуде - мұндай турнирлерде тәжірибесі жоқ Канадамен ойынды айтпағанда. Хорваттар ойын кезінде бір ғана гол салды. Негізгі уақытта қарсыласты ұтпаған. Дегенмен ұтылған да жоқ. Олар барын салып ойнайды.
Ресейде өткен әлем чемпионатында олар плей-оффта қатарынан үш ойынды жан алысып ойнап, пенальтимен жеңіске жете алды. Қазір де сол қайталанып тұр, алайда көшбасшы ойыншылары қартайды.
Пентакампеондар болса, көбірек гол салды, бірақ Камеруннан ұтылды. Алайда соңғы демін салып ойнаған жоқ. Олардың нәтижесі - қанша гол салғысы келді сонша күш жұмсады. Көбірек жасағысы келсе, жасайды. Неймардың жарақаты еш әсер етпейді - командада Винисиус пен Ришарлисон бар.
Сондықтан бразилиялықтар жеңеді деп ойлаймын. Ал хорваттар 70-минутқа дейін шыдаса, пенальтиге дейін баруы мүмкін. Бірақ бәрібір Бразилия жеңеді деп ойлаймын", - деп береді Тихоновтың сөзін "Рейтинг Букмекеров".
Жарнама