Себастьян Аллер Чемпиондар лигасының жаңа рекордын орнатты

©UEFA

"Аякс" шабуылшысы Себастьян Аллер Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Бенфикаға" қарсы өткен алғашқы ойында (2:2) гол соқты.

27 жастағы шабуылшы осы маусымда Чемпиондар лигасында дебют жасап, барлық жеті ойында мергендігімен көзге түсті - бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

Бұған дейінгі рекорд Чемпиондар лигасындағы алғашқы бес матчында гол соққан Алессандро Дель Пьеро, Диего Коста және Эрлинг Холандқа тиесілі еді.

Сондай-ақ, ивуарлық шабуылшы Чемпиондар лигасының бір маусымындағы алғашқы жеті матчта ең көп гол соққан футболшы ретінде тарихқа енді.

Айта кетейік, Аллер Чемпиондар лигасының осы маусымында 7 матч өткізіп, 11 гол соқты және үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport