Себастьян Аллер Чемпиондар Лигасында рекорд орнатты

©VK

"Аякс" шабуылшысы Себастьян Аллер Чемпионар Лигасында өткізген бес кездесуінде 9 гол соқты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Клубтар арасында Еуропаның басты футбол турнирі саналатын Чемпиондар Лигасында мұндай көрсеткішті дебютті маусымын өткізген ешқандай ойыншы тіркемеген.

27 жастағы шабуылшы бұрын-соңды Чемпиондар Лигасында ойнап көрмеген. Салыстырмалы түрде аталмыш жарыстағы алғашқы бес ойында гол салғандар бар. Алайда ол футболшылар 9 гол соқпаған.

Еске салайық, С тобындағы "Аякс" бес ойында 15 ұпай жинап, айқын басымдықпен көш бастап тұр. Эрик Тен Хаг жігіттері топтық кезеңде өз қақпасына 3 гол өткізіп, қарсылас қақпасына 16 гол салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар