Футбол
9 ақпан 17:47

"Сайқымазақтар" Мбаппе "Реал" матчінен кейін ашуын ұстай алмады

©x.com/realmadrid

Мадридтік "Реалдың" франциялық шабуылшысы Килиан Мбаппе "Валенсияны" ұтқаннан кейін төрешілер бригадасының жұмысына қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шабуылшы Ла Лиганың 23-турында өткен "жарқанаттарға" қарсы матчтан кейін арбитрлердің жұмысын қатаң сынға алды. Аталған кездесуде мадридтік клуб 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Франциялық форвар матчтен кейін эмоциясын ұстай алмады. Қосалқы төрешіге қарап Мбаппе былай деді:

"Бұл қалай офсайд болуы мүмкін? Маған түсініктеме керек. Жүріңіз, ішке кірейік, сонда маған бәрін түсіндіріңіз, өйткені мен ештеңе түсінбей тұрмын. Мен сізбен сөйлесіп тұрмын, ал сіз маған тіпті қарамайсыз да, сөйлеспейсіз де", - деп жазады AS басылымы ойыншының сөзін келтіріп.

Төртінші төрешіден жауап ала алмағаннан кейін Мбаппе Эдуардо Камавингаға бұрылып, француз тілінде:

"Сайқымазақ төрешілер", - деп қосты ол.

Наразылыққа себеп болған жағдай бірінші таймның соңына қарай болды. Сол сәтте "Валенсия" қорғаушыларының допты шығарғаннан кейін төреші Мбаппенің офсайдта болғанын тіркеді. Франциялық шабуылшы бұл шешімнің логикасын түсінбей, төрешілер бригадасынан түсініктеме талап етті, алайда, диалог болмады.

Испания чемпионатының 23 турынан кейін "Реал" 57 ұпай жинап, Ла Лиганың турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Ал "Валенсия" 23 ұпаймен 17-орында орналасып, элитада қалу үшін күресін жалғастырып жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport