"Сайқымазақтар ғана пенальти дейді". Ресейде Зайнутдиновке араша түсті

©ЦСКА

Ресей құрамасының экс футболшысы Владимир Быстров қазақстандық ойыншы Бахтиер Зайнутдиновтың қатысы бар оқиға бойынша пенальти белгіленбеуіне байланысты пікір білдірді. 

13-тура матчінде ЦСКА 2:2 есебімен "Спартакпен" тең түсті. 

Бірінші таймда Зайнутдинов қарсылас команданың футболшысы Александр Соболевпен допқа таласып, "Спартак" ойыншысы жерге құлады. Төреші бұған қатысты пенальти белгілемеді, артынша бұл шешім дау тудырды. 

"Соболевке қатысты пенальти? Сайқымазақтар ғана бұл жағдайда пенальти болады деп айтады. Соболев бұны өзі де жақсы түсінеді, ол симуляция жасады. Сондықтан төрешіге қатысты ешқандай сұрақ болмау керек", - деп береді Быстровтың сөзін "Советский спорт".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport