Сауд Арабиясының "Әл-Хиләл" клубында ойнайтын франциялық шабуылшы Карим Бензема Испания чемпионатына оралуы мүмкін. 38 жастағы футболшыға Севильяның "Бетис" клубы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бензема Испанияға оралуы мүмкінTransfer News Live басылымы ElGolDigital-ге сілтеме жасап хабарлағандай, севильялық клуб Бенземаны қатарға қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Алайда "Бетис" франциялық футболшымен келіссөзді оның "Әл-Хиләлмен" қазіргі келісімшартын бұзып, еркін агент атанған жағдайда ғана бастауға дайын.
Ал саудиялық клуб Англия құрамасы мен Бирмингемнің "Астон Вилла" шабуылшысы Олли Уоткинстің трансфері бойынша келісімге келіп қойған. Осыдан кейін "Әл-Хиләл" басшылығы Бенземамен қоштасуды жоспарлап отыр.
Ақпаратқа сәйкес, егер келісімде қарастырылған еңбекақының толық сомасы төленбесе, Бензема келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға келіспейді.
Франциялық футболшы "Әл-Хиләлмен" қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін есептелген. Бензема саудиялық клубқа 2026 жылдың ақпанында "Әл-Иттихадтан" ауысқан.
"Реал" аңызы Ла Лигаға оралуы мүмкінБензема карьерасының басым бөлігін Испанияда мадридтік "Реал" сапында өткізді. Ол "корольдік клубта" 14 жыл өнер көрсетіп, 354 гол соқты. Карим "Реал" тарихындағы ең үздік сұрмергендер тізімінде екінші орында тұр.
Мадридтік клуб сапында Бензема Чемпиондар лигасын бес рет жеңіп, Испания чемпионы атанды. Сонымен қатар төрт рет "Реалдың" жыл ойыншысы деп танылды.
2022 жылы франциялық ойыншы әлем футболындағы басты жеке жүлде - "Алтын допты" иеленді.
"Бетис" өткен маусым қорытындысы бойынша Ла Лигада бесінші орын алып, 21 жылдан кейін алғаш рет Чемпиондар лигасында ойнау құқығына ие болды.